Пенчак силаттан ересектер арасындағы 6-шы Ислам ынтымақтастығы ойындары Сауд Арабиясы, 2025 жылғы 3–6 қараша
07.11.2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Халықаралық пенчак силат федерациясы (IPSF) ұйымдастырған ересектер арасындағы 6-шы Ислам ынтымақтастығы ойындары өз мәресіне жетті.
Бұл ауқымды спорттық шара құрлықтың түкпір-түкпірінен келген 10-нан астам елдің үздік спортшыларын біріктірді.
Чемпионат ересектер арасында әртүрлі салмақ және техникалық санаттар бойынша, IPSF халықаралық стандарттарына сай өткізілді.
Жарысқа 10 елден шамамен 24 спортшы қатысты.
Қазақстан Республикасының атынан 4 спортшы сынға түсті.
Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Чемпионат аясында сондай-ақ:
- бапкерлер мен төрешілерге арналған семинарлар,
- мәдени және білім беру іс-шаралары,
- қатысушы елдердің спорт ұйымдарының ресми өкілдерімен кездесулер өтті.
Нәтижелер:
|
№ |
Аты-жөні |
Салмақ |
Сайыс түрі |
Нәтиже |
|
1 |
Тасмагамбетов Нурдаулет
|
65 кг |
Тандинг |
1- место |
|
2 |
Аманбай Арай |
60 кг |
Тандинг |
2- место |
|
3 |
Жалғасбай Уәли |
60 кг |
Тандинг |
3- место |
|
4 |
Исмурзина Ақнұр-Айым
|
65 кг |
Тандинг |
5- место |