Қазақстан құрамасының жастар арасындағы 3-ші Азия чемпионатындағы жетістіктері
05.11.2025
2025 жылғы 25-30 қыркүйек аралығында Үндістанның Кашмир қаласында Пенчак Силаттан жастар арасындағы 3-ші Азия чемпионаты өтті. Ауқымды халықаралық додаға 12 елден 400-ге жуық спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасы бұл жарысқа 23 спортшымен қатысып, байрақты бәсекеде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Бұл жетістік — спортшылар мен бапкерлердің қажырлы еңбегі мен жүйелі дайындықтарының нәтижесі.
Ассоциация президенті Гаджиев Гаджи Шапиевич жүлдегерлерді құттықтап, алдағы халықаралық додаларда жаңа белестерді бағындырып, Қазақстанның көк байрағын биікте желбіретуге шақырды.