Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында табысты өнер көрсетті

05.11.2025
2025 жылғы 23–31 шілде аралығында Вьетнамның Хатин қаласында өткен ересектер арасындағы Пенчак Силаттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы лайықты нәтиже көрсетті. Жарысқа 12 елден 400-ге жуық спортшы қатысты.
Фото:

20 спортшыдан құралған ұлттық құрамамыздың қоржынына:

1 күміс — Мұсабек Айзат (70 кг, Тандинг)

9 қола — Аманқосова Айшолпан, Туяқбаев Санжар, Юсубова Диана, Трайзе Регина (2 рет), Исмұханова Ақнұр-Айым, Ақылбеков Қазбек, Оразқұлов Рахымжан, Мейрам Дияс енді.

Пенчак Силат — Индонезия, Малайзия, Сингапур және Бруней елдерінің дәстүрлі жекпе-жек өнері, бүгінде әлемдік деңгейде мойындалған спорт түрі.

Ассоциация президенті Гаджи Шапиевич Гаджиев жүлдегерлерді құттықтап, алдағы халықаралық додаларда жаңа жетістіктерге жетіп, Қазақстанның көк туын биікте желбіретуге шақырды.